Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қыруар қаржы салып тұрғызған әжетхана өзін-өзі ақтамаған

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2020
  • 4067

Алматыда әжетхана құрылысына бюджеттен 178 жарым миллион теңгеге бөлінбек. Нақтырақ айтсақ, біреуі 9 миллион теңге болатын 20 дәретхана қойылмақ. Бұл туралы қалалық туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Тұрғындар әжетхананың әрқайсысы бір бөлмелі пәтердің құны екені айтып, ашынды. Ал, Павлодарда осыдан 4 жыл бұрын, әрқайсысы екі бөлмелі пәтер құны болатын әжетханалар салынған еді. 5 жарым миллион теңгеден жұмсалған 4 әжетхана қазір өзін-өзі ақтады ма? Аймақтардағы әріптестерім қымбат дәретханалардың жай-жапсарын біліп қайтты.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Құрылысына миллиондар құйылған дәретхана қаладағы ең маңызды деген 20 нүктеге қойылмақ. Нысандардың іші жылдың қай мезгілі болса да жарық әрі жылы болмақ. Заманауи бір әжетхананың құнын 9 миллионға бағалапты. 

Шаһар шенеуніктері қолданыста жүрген темір кабиналарды жуып-шаюдан шаршаған соң, осындай қамдамға бардық деп ақталды. Сондай-ақ осылай мегаполистың туристік инфрақұрылымын да дамытамыз деп сендірді. 

Қалибек АҚЫЛБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Пандемияға орай біз туристердің тапшылығына қарамастан, біз ішкі құрылымды дамытуға күшімізді салып отырмыз. Сол үшін Алматыда қазіргі уақытта 20 әжетхананы қоюды жоспарланып отыр. Ол әжетханалар ең туристердің көп жиналатын жерлерінде болады. Және қажетті заттармен жабдықталады.


Құны қымбат әжетхананың ұзындығы бес, ені үш метрді құрамақ. Ерлер бөлмесіне қарағанда әйелдер бөлмесі кеңірек жасауды жоспарлаған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы орын болмақ. Баланы жөргекке орайтын үстелдерді де қоймақшы.

Қалибек АҚЫЛБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Осы 9-10 миллионның арасында болды. Туалеттің қымбаттылығы іштегі нысандардың бәрі, унитаз темірден жасалған болады. Қол жуатын орын темірден жасалған. Осының бәрін санағанда осындай баға шығады. Жергілікті бюджеттен 178 жарым миллион теңгеге ұсыныс бердік. Және олар қабылдады.


Қала тұрғындары бұл бастаманы құптағанымен, бағасына таңырқап отыр.

БЛИЦ:


- 9 миллион теңгеге бір пәтер алуға болады ғой, бір бөлмелі. Әрине әжетхана керек қой қоғамдық орындарға. Бірақ 9 миллион дегені миға сыймайды.

-  Құны сапасвна сәйкес болса болады деп ойлаймын.

-  Мұны құптамаймын. Әрине барлығы тұрғындар үшін. Бірақ бағасы у-дай екен.


Дәретхана ақылы болмақ. Оған бір кіріп шыққаныңыз 50 немесе 100 теңге болады. Нақты бағасы шешілмепті.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қазір басқарма басшылары, нысанның құрылысын салуға конкурс жариялаған. Апта соңына дейін құрылысына жауапты мекеме де белгілі болмақ. Айтпақшы қымбат әжетхана елде бірінші рет салынайын деп жатқан жоқ. Төрт жыл бұрын Павлодарда да салынды. Өңірдегі әріптесім Өзгеріс кезек күтеп тұр. Өзгеріс, қазір құны пәтер бағасын сұраған дәретханалар жұмыс істеп тұр ма? Өзін-өзі ақтады ма?


Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Иә, Әсем. Сол кездегі екі бөлменің бағасына салынған әжетханалар қазір бар. Бірақ өзін-өзі ақтады ма, ол жағын айту қиын. Қымбат дәретхананың қазір 4-уі ғана қалды. Оның өзі жекенің қолына өткен. Басынан дау арылмаған бұл әжетханалар осыдан 4 жыл бұрын бой көтеріп еді.

Әр қайсысынына 5 жарым млн. теңге бөлінген болатын. Қала билігінің бұл қадамы тұрғындардың сынана іліккен еді. Өйткені, бағасы сол кезде 2 бөлмелі пәтердің құнымен тең болатын.  Бастапқыда жергілікті билік бұндай әжетхананың санын 10-ға жеткізуді жоспарлаған. Кейін қоғам наразылығынан кейін ойларынан айнып қалды.

Сабыр ОРАЗБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі уақытта бұл туалеттердің бәрі жұмыс істеп тұр. Кезінде мына өзіміздің ТҮКШ балансында болған. 2018 жылдан бастап құрылған коммуналдық "Коммун-сервиске" толық берілді. Солардың балансында. Енді оларды ұстау, күту солардың мойнындарында.

Жыры бітпеген қоғамдық әжетхана осыдан 1 жыл бұрын қыста қатып қалған болатын. Ол кезде жалға алған кәсіпкер шығын өтелмеді - деп бас тартыпты. Содан қараусыз қалған нысан бұзақылардың ермегіне айналып, қирады. Ал тұрғындар бұл дәретханалардың 5 жарым млн-ға салынғанына әлі сене алар емес.

БЛИЦ:

- Кончено, қымбат! Выглядить на 300-400 тысяч. Ну не больше.
- Меньше выглядить. 200-300 тысяч. Не как 5 млн.
- Я даже не знаю сколько такой туалет стоит. Это необходимо.


Қазынадан қыруар қаржы жұмсалған дәретхана бастапқыда ақылы болды. Осылайша, жергілікті шенділер өз құнын өзі өтейді - деген болатын. Бірақ, кейінен жекенің қолына өткен соң, тегін әжетхана етіпті. Өйткені, құны 50 теңге болғасын келушілер болмаған.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Ал дәретхананың қымбатқа салынуын жергілікті билік жарық, жылу секілді коммуналдық желілердің тартылуымен байланыстырады. Шағын ғана кабина қараусыз қалмасын - деп күзетші де қойыпты. Қазір қалалықтарға тегін қызмет етіп тұр. Жергілікті билік оған қаржы бөліп отыр. Бірақ қанша жұмсайтындарын айтудан бас тартты. 

Ө. Қуанар, Ә. Лесбек