Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мирас» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы ел ішіндегі татулықты арқау етті

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2020
  • 2228

Жергілікті жерлердегі ішкі саясат бөлімдері тұрғындармен етене жақын болғаны абзал. Нақтырақ айтсақ, ұлт пен ұлыстың татулығы үшін жұмыс жүргізсе. "Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев Байзақ ауданында өткен "Мирас" аймақтық кеңесінде осылай деді. Алқалы жиын Тараз іргесіндегі Байзақ ауданында өтті. Мұнда 30-дан астам ұлт пен ұлыс шоғырланған. 5 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жиналғандардың пайымынша мұндай басқосулар ұлттардың татулығын сақтап, олардың тиянақты тірлік жасауына жол ашпақ. Кеңес отырысына келген ақсақалдар, ақын-жазушылар, ғалымдар мен ассамблея мүшелері бірлік, келісім, татулықты нығайту үшін отбасындағы тәрбиенің де алар орны бар, - дейді.

Сады ҚУАТБЕКОВ, АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Отан отбасынан басталады дейді ғой. Мысалы әрбір осындай үгіт насихат өзіннің семьясынан бастаған дұрыс деп есептеймін, өйткені жас балаларға дұрыс тәрбие берсек дұрыс жолға туседі. Сондықтан өзіміз әрбір отырыста, мысалға аузашар болсын жай отырыстар болсын сол кезде осындай өзіміздің үгіт насихатымызды айта жүреміз.

Б. Жұмабайұлы