Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір топ мәжіліс депутаты ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2020
  • 2627

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырыснда бір топ депутаттар ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізуді ұсынды. Оған себеп төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар мен қаза тапқандар санының күрт өсуі. Мәжілісмен Меруерт Қазбекова індеттің алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктің қабылдап жатқан шаралары мардымсыз екенін айтты.

Меруерт ҚАЗБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Депутаттарға, ауруханаларда орын жоқтығы, науқастарға лық толы провизорлық орталықтарда емдеу процедуралары жүргізілмейтіні, дәрігерлерде қорғаныш құралдары тапшы екені туралы шағым жиі түсіп жатыр. Осы орайда шалғай ауылдардың тұрғындарын тестілеу үшін және ауруларды бос емханаларға эвакуациялау үшін санитарлық пойыз ұйымдастыру керек.

Ә. Өмірзақ