Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жұмыссыз ер адам 5 және 8 жастағы қыздарға тиіспек болған деген күдікпен қамалды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2020
  • 3031

Шымкентте жұмыссыз, үйленбеген ер адам 5 және 8 жастағы қыздарға тиіспек болды деген күдікпен қамалды. 32 жастағы жергілікті тұрғын, өзі тұратын аумақтағы кішкентай қыздарға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағанын, полицияға тұрғындар хабарлаған. Күдікті қазір уақытша ұстау абақтысында. Полиция Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігімен, яғни «жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бұрын сотталмаған, жұмыссыз, үйленбеген. Ұсталған азамат өз қылмысын мойындады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полицияның дерегінше екі жағдай да бір күнде, тек әртүрлі жерде және түрлі уақытта болған. Ересектердің  қарауынсыз қалған бүлдіршіндерді аңдып отырса керек. Өйткені кішкентайлардың бақылаусыз қалғанын пайдаланып, оларды таса жерлерге алып кеткен. Енді ұсталған күдіктінің педофильдік қылмысы дәлелденсе, ол кемі жиырма жылға сотталуы мүмкін.

А. Төребекқызы