Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда терезеден секіргендер ішімдік ішкен, - Нұр-Сұлтан қаласы ПД

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2020
  • 3964

Нұр-Сұлтанда көп қабатты үйдің терезесінен секіргендер ішімдік ішкен. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Кеше кешкісін Елордадағы "Инфинити" тұрғын үй кешенінің 8-ші қабатынан алдымен ер адам, артынша әйел секіріп кеткен болатын. Оқиға орнына қалалық полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері бірден жетті. Алайда, арнайы жасақ төтенше жағдайдың алдын ала алмады. Ер адам, ауруханада жан тапсырды. Ал әйелдің басы жарылған. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы айтты. Жан түршігерлік жәйтті куәгерлер бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған болатын.

Айжан ИСА, НҰР-СҰЛТАН қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әйел номері 2-ші көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оның жанбас сүйегі сынған. Және сүйек-ми жарақатын алған. Қазіргі уақытта барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазір палатада жатыр.

Қалалық полиция департаментінің дерегінше, 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Ал пәтерде олардан өзге ешкім болмапты. Бірақ неліктен терезеден секіргендері әлі күнге белгісіз. Белгілісі олар сол сәтте ішімдік ішкен. Қазір өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуі бабымен тергеу басталды.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ м.а:

Оқиға болған уақытта алколгольді ішімдік ішкені белгілі болды. Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  жүргізілуде.    

А. Мүтәлі