Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев пандемияның таралуын тез арада шектеуге қатысты шұғыл тапсырма берді

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2020
  • 4063

Коронавирустың таралуын шектеуге байланысты шұғыл шара қолдану керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін үкімет пен облыс әкімдерінің есебін тыңдау кезінде, пандемияның таралу көрсеткішін қысқартуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды. Мемлекет басшысы вирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсету керек деп отыр. Сондықтан, тест сынамасын көбейтуді міндеттеді. Ел азаматтарының денсаулығы үшін алғы шепте жүрген дәрігерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен және өкпеге жасанды жолмен дем беретін аппараттармен қамтасыз етуді тапсырды. Халық арасында карантин режимін сақтаудың аса маңыздылығын түсіндіру керектігін жеткізді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге экономиканың құлдырауына жол бермеу туралы да тапсырма жүктеді. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығынн дамытуды бәсеңдетпеуді міндеттеді. 

А. Мүтәлі