Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараз қаласын сумен қамтып отырған ауылда ауыз су жоқ

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2020
  • 4667

Таразды ауыз сумен қамтып отырған Қызыл абат ауданының өз тұрғындары тіршілік көзінен қағылған. Шағын аудан 8 жыл бұрын қалаға өтіпті. Содан бері судан бөлек, жарықтың да, жолдың да мәселесі шешілмеген. Осыған ашулы халық, жиналды.

Шағын аудан халқы алғашында құдық қазып күнін көріп келіпті. Кейінгі жылдары жер асты сулары да тартылып, амалдары таусылған. Ашынған жұрт, ауыз су каналынан қарыс қадам тұрған мекенге су жүргізбейтін билікті түсінбейді.

БЛИЦ:

- Калонкадан пісіп ішіп отырмыз. Құдықтан ол болмайды ғой. Мына тұрған водаконалдан қала алып жатыр да біз мына жерде тұрып су жоқ бізде.

- Құдықтан лай су болып жатыр қазір бізде. Құм араласқан тұндырып ішеміз болды. Киім жуасың ақ киім кірі ашылмайды да ана жерде. Қапқара киім киесің.

- Светтен қорлық көріп отырмыз, свет жоқ. Не болдар сабақ оқиалмайды. Ешкім не қыла алмайды. Көше де жүралмайсың тас қараңғы.


Жарықтың да жоқтығы жұрттың жүйкесін жұқартқан. Қызыл абатта 2 трансформатор болса, оның бірі әуежайды  жарықпен қамтиды екен. Сондықтан жалғыз құрылғы 400-ден аса түтінге жеткіліксіз көрінеді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары осыдан үш жыл бұрын бұл мәселені шешіп беремін деп уәде еткен. Бірақ "баяғы жартас сол жартыстың" күйін кешіп келеді. Ал, бүгін ол қаражат жоқ екені кесіп айтты. 

Асхат ЕСЕНӘЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жобалық сметалық құжаты дейміз ғой. Бүгінгі таңға мемлекеттік сараптамаға өткізілген. Барлық мәселені бұл жерде толығымен білеміз. Қалай қаражаттың мәселесі шешілгеннен кейін біз бұл жұмыстарды бастайтын боламыз.

Көгілдір отынның да мәселесі жырға айналған. Базына халық өткен жылдың аяғында әр отбасынан газды үйге кіргізуге 350 мың теңгеден жинап алғанын айтты. Бірақ көгілдір отында, оған кеткен ақшадан да қайыр болмаған. Біз сөзбен айтқанда қызылабаттықтардың мәселесі жақында шешілмейтін түрі бар. Себебі, биліктің дерегінше Таразда дәл осындай проблемасы бар 7 шағын ауыл мен 28 саяжай бар.

Б. Жұмабайұлы