Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда еріктілер Елбасының алғыс хатына ие болды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2020
  • 3111

Павлодарда да еріктілерге «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.  100-ге жуық белсенді жастардың карантиндегі еңбегі еленді. Олар карантин кезінде халыққа көмек көрсеткен еді. Елдегі қиын жағдайға байланысты өңірдегі 40 мың жуық адам заттай және қаржылай көмек алған. Оны жастардан құралған еріктілер жүзеге асырды. Бұдан бөлек, «Біз біргеміз» жалпы ұлттық акциясы аясында Түркістан облысындағы су басқан ауылдарға 40 тонна гумантиралық көмек жөнелтуге жәрдемдесті. Барлық іске бел шешіп кіріскен жастарға аймақ басшысы да алғысын білдірді. Марапатқа ие болғандардың ішінде кәсіпкер, депутат, әнші, блогерлер де бар.
 
Ғабит ХАФИЗ, ЕРІКТІ:

Наурыз айының 19-нан бастап бүгінгі күнге дейін біздің Павлодар облысындағы әлеуметтік әлсіз топтарға азық-түлік себеттерін таратумен айналыстық. Қазіргі таңда 12 мыңға жуық адреске дәл осындай көмек көрсетілген болатын. Волонтерлердің жұмысы күн демей, түн демей, азық-түлік себеттерін дайындау, сатып алудан бастап жеткізуге дейін осындай жұмыспен үнемі айналысып отырды.

Ө. Қуанар