Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада дәрі лимитпен берілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2020
  • 2364

Елорда дәріханаларында препараттарды сатуға лимит қойылады. Бұл туралы елорданың фармацевтика қауымдастығының директоры Гүлнарай Әлмурзина мәлімдеді. Сондай-ақ ол коронавирусқа қарсы ұсынылып жатқан перепараттар тапшы екенін жасырмады. Бұған өткен аптада халық вирусқа қарсы дәрілерді белсенді түрде сатып алуы себеп деді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде аталған кемшілікті жоюға тапсырма берді. Енді дәріханалар тек антибиотиктерді рецепт бойынша, дәрі-дәрмек бұрынғыдай дәрігердің нұсқауымен ғана сатып ала алады.

Бақтияр МӘКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалада тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмек болуы керек. Дәрі-дәрмектің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәріні уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек.

А. Данияр