Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2020
  • 2448

Елордада демалыс күндері тағы да шектеу шаралары күшейтіледі. Базарлар мен сауда орталықтары жабылады. Қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатады. Таңғы 10-нан кешкі 5-ке дейін үй маңында орналасқан азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен жаздық тамақтану орталықтары ғана жұмыс істейді. Оның өзінде қатаң саитарлық талаптарды сақтауы шарт. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады. Олардың дерегінше «Өткен «карантиндік демалыста» сырқаттану деңгейінің төмендеу динамикасы байқалған. Бұдан бөлек, елде коронавирустың симтомсыз түрі белең алып барады. Осы мақсатта ауру белгілері жоқ адамдарды есепке алатын топ құрылды.

Махаббат БЕКБОСЫНОВА, «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Орта есеппен ауру белгілері жоқ науқастардың 3%-ы стационарға жатқызылады. Бұл бастапқыда симптомсыз болып, артынша пневмонияның ауыр формасының белгілері байқалатын адамдар. Вирус жұқтырғаннан кейін 5-7 күн аралығында ешқандай сиптом болмайды. Тек содан кейін ғана дене қызуы көтеріліп, жөтел басталады. 8-күні пневмония белгілері байқалады. Ауру осылайша тез дамиды.

COVID-19 бойынша ел аумағындағы жағдайға тоқталып кетсем. Өткен тәулікте "тәж" вирусын жұқтырған 465 адам анықталған. Республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны - 19 мың 700-ден асты. Статистикаға енбейтін - кесел тасмалдаушылар 13 мың 600-ге жуық. Өкінішке қарай, бүгін тағы 11 науқас көз жұмып, кесел құрбандары 140-қа жетті.

А. Данияр