Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейлік «Вагнер» жекеменшік әскерилеріне қарсы санкция салуды талап етті

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2020
  • 4129

Әлем жаңалықтарына келсек. Ресейлік «Вагнер» жекеменшік әскерилеріне қарсы санкция салу қажет. Ливия, Ероодаққа осындай талап қойды. Ресми Триполи, «вагнерлік» содырлар мұнай орындарын басып алды деген айып тағып отыр. Ішкі істер министрі Фетх Башаганың айтуынша, ресейлік жекеменшік әскери құрылым Ливияның ұлттық қауіпсіздігіне және еуропа мен америкалық инвесторлардың мүддесіне қауіп төндірген. Келітірлген деректерге қарағанда, «вагнерліктер» судандық «Жанжауид» содырларымен бірігіп елдегі ең ірі «Эш-Шарар» мұнай орнын басып алған. Кен орны, жарты жылдық үзілістен кейін маусымның 7-де ғана жұмысын жандандырған еді. Бұрын мұнда тәулігіне 300 мың баррель мұнай шығарылатын. Бұл, бүкіл Ливия өндіріп отырған мұнайдың үштен бір бөлігі. Ливия билігі, ресейлік «Вагнерден» бөлек тентек фельдмаршал Халиф Хафтармен де алысып әлек. Ол теңіздегі бірнеше экспорттық терминалдар мен мұнай орындарын басып алған. Осы фельдмаршал кесірінен елдің бірқатар мұнай құбырлары да бұғатталып тұр. Жұмыстардың жандануына кемінде 3 ай қажет екен. Ал, ресми Мәскеу болса үнсіз күйде. «Ресей билігі Ливиядағы азаматтық соғысқа араласып, Халиф Хафтарға көмек берді» деген айып бұған дейін де бірнеше рет айтылған.

Д. Мұхаммедкәрім