Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде пневмониядан 62 адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2020
  • 3753

Ақтөбеде кеше пневмонияға қатысты екі түрлі ақпарат тарады. Облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев баспасөз мәслихатында, өкпе қабынуынан 47 адам дүние салды деген ақпарат таратса араға екі сағат салып облыс әкімі пневмониядан 62 адам дүние салғанын хабарлады.

Ондасын ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ:

Өкініштісі, 62 адамның өлімі пневмония асқынып кеткен кезден бастап тіркелді. Негізінен басым бөлігінің қосымша ауруы барлар қан қысымы, жүрек ауруы, қант диабеті. Ашық айтуымыз керек, пневмониямен түскендердің басым бөлігі ауруын асқындырып түскендер. Қазір зертханалық тексеруде оң нәтиже көрсетпесе де коронавирус симптомымен ем жасалып жатыр.

Ақтөбе өңірінде пневмониямен қатар COVID-19 дерті де өрші тұр. Қытайлық кеселге аймақта 1 412 адам шалдыққан. Ауруханаларда жұмыс күшейді. Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, емдеу орталықтарында 415 орынға қосымша қойылған. Тағы екі жүз орындық аурухана дайындалып жатыр. Қалалық барлық емханалар жанынан күндізге стационарлар ашылған. Жедел жәрдем қызметі мен провизорлық ауруханаларда маман тапшылығы байқалады. Сондықтан ауруханаларға колледж түлектерін жұмысқа тарту жоспарланды. Оңдасын Оразалин айтпақшы кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөгіс алған әкімдірдің бірі. "Тіртіптік жаза орынды айтылды", дейді облыс әкімі.

Ондасын ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ:

Маған мемлекет басшысының берген тәртіптік шарасын дұрыс деп есептеймін. Және бұдан тиісті жұмысты одан әрі күшейтуге көшетін боламыз.


Б. Рахметова