Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында ер адам терезеден кіріп, бойжеткенді ұрлап кетті

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2020
  • 2281

Алматы облысы Шамалған кентінде адам ұрлаған қылмыскер ұсталды. Ол, үйге терезеден кіріп 21 жастағы қыз баланы ұрлап кеткен. Полиция департаменті деректеріне қарағанда терезені ол аранйы құрылғылар көмегімен ашқан. Қылмыс кеше түнгі бір шамасында болыпты. Күдіктінің бұрын жәбірленуші қызбен қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Күдікті ұсталды. "Адам ұрлау" фактісі бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақбота ӘЗІРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тінту кезінде күдіктіден бірқатар құрылыс жөндеу саймандары тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына қосылды. Күдіктіні осы қылмысты жасауға итермелеген нақты себептер тергеу барысында анықталатын болады. Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ә. Лесбек