Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда досына сенген келіншек көлігінен айырылды

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2020
  • 3152

Павлодарда досының сөзіне сенген келіншек көлігінен айырылып қалды. Сеніміне әбден кірген әлгі көлікті уақытша пайдалануға сұрап алыпты. Алайда, қайтару мерзімі келгенде "досы" түрлі сылтау айтып көзден таса болған. Алданғанын сезген бой жеткен кейіннін тәртіп сақшыларына жүгінді. Полицияда оның бұдан бұрында істі болғаны белгілі болды. Ол, "Ұрлық" бабымен 3,5 жылға шартты түрде сотталған болып шықты.

Аршат ЕСМАҚАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Күдікті полициядан қашып  жазадан құтылып кетпек болды. Ұстау кезінде ол тәртіп сақшыларын телефонына түсіріп қорқытпақ болды. Қалай дегенмен 26 жасар күдікті ұсталды, уақытша оқшалау абақтысына қамалды. «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ө. Қуанар