Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы құрылыс нысандарына жұмыс күші жетпей жатыр

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2020
  • 2618

Алматыдағы құрылыс нысандарында жұмыс күші жеткіліксіз. Соны салдарынан құрылыс бәсеңдеп қалған. Соның бірі Түріксіб ауданындағы әскери бөлім. Бір ай бұрын басталған жөндеу жұмыстары әлі аяқталатын емес. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 35 адам жұмысқа алынған. Тағы 18 жұмысшы қажет. Жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталуы тиіс. Жөндеу жұмыстарына 270 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Мердігер компания айтпақшы, құрылысқа қажетті материалдардың 90 пайызын отандық өндірушілерден алып отыр.

Мұхамбетәли МАМАМБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Құрылыс материалдарының барлығын келісім жасап, сатып алып жатырмыз. Соның ішінде шет елден келетін тек ағаш материалдары. Қалғанының барлығы біздің Қазақстандық өндірушілердің тауарлары.


«Nur Otan» партиялық бақылау тобы бүгін сондай ақ аудандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, құрылысымен танысты. Мұнда 51 млн. теңгенің жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Интернатта жаңа үлгідегі жатын бөлмелер мен сауықтыру орындары және спорттық алаң жасалады. Жоспар бойынша нысан бір айдан кейін тапсырылуы тиіс. Жалпы ауданда осындай 39 құрылыс нысаны партиялық бақылауда.

Айбол БӨБЕТАЙ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бүгін тексерілген құрылыс нысандарында бірқатар кемшілікті анықтадық. Мысалы, мердігерлер әртүрлі себептермен белгілеңген мерзімнен кешігіп жатыр. Оған қоса, құрылыс материалдарының бірқатарында отандық өнім туралы құжаты толық болмай шықты. Кемшіліктер алдағы уақытта түзетіледі.

Айта кетейік, қалада «жұмыспен қамту жол картасы» аясында 200 құрылыс нысаны бақылауға алынған. Дағдарысқа қарсы жоспар бойынша онда тек қазақ азаматтары жұмыс істеп, отандық құрылыс материалдары ғана пайдаланылуы керек.

А. Кемелжан