Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі бірқатар дәріханалар табысын жасырып қалған

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2020
  • 2577

Елдегі бірқатар дәріханалар табысын жасырып қалған. Фармацевтикалық қызмет саласына мониторинг жүргізген мемлекеттік кірістер департаменті, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтап отыр. Олардың дерегінше, жаздың алғашқы екі аптасының өзінде дәріханалар 10 миллиард теңгеден астам пайда тапқан. Алайда, кебйрі табысын ашып айтқысы келмей отыр.

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ:

239 дәріхананың кейбірі түбіртек шығармаған. Енді бірі онлайн-бақылау кассасын қолданбапты. 99 дәріхана күндізгі түсімін 5000 теңгеден аз деп көрсеткен. Арасында бір сомманы күнде көрсететіндер де бар. Мысалы, 700 немесе 1000 теңгені күнде касса арқылы шығарып отырған. Жалпы алғанда, 3527 дәріхананың 60 пайызы ғана заңға мойынсұнып, қызметін адал атқарған.


Бұдан бөлек, онсызда жұрт көңілі алаң кезде дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіріп, пайда таппақ болған кәсіпкерлер де ескерту алды. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова шекті бағадан асыра сатқандар жазасыз қалмайтынын бүгін тағы бір ескертті. Оларға әкімшілік айыппұл қарастырылған. Ал, заңды екінші рет бұзса, фармацевтикалық қызметіне шектеу қойылады.

Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біз әкімдіктермен және бөлшектік сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасадық. Яғни бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде, шектеулі түрде сатылатын болды. Себебі ем-дом курсына дәл сонша препарат керек. Үйде препараттар босқа жатып қалмауы керек. Себебі олардың әрқайсысының өз жарамдылық мерзімі бар.

Ал егер, бір үйде бірнеше адам сырқаттанып жатса, дәрі-дәрмекті сату жағынан шектеу болмайды. Сонымен қатар, вице-министр адамның дене қызуын түсіретін дәрілер бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына, сондай-ақ, Қарағанды облысына жеткізілгенін айтты. Басқа өңірлерге препараттар осы аптаның соңына дейін жетуі тиіс.

А. Мүтәлі