Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19-ға қарсы 4 вакцинаны сынақтан өткізбек

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2020
  • 1747

АҚШ COVID-19-ға қарсы төрт түрлі вакцинаны сынап көрмек. Бірақ оның мерзімі жарты жылға созылады. Нәтижесі қаңтар айында бірақ дайын болуы мүмкін. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы зерттеуді жақында бастауы тиіс. Ал, аллергия және жұқпалы аурулар институтының мамандары болса қуануға әлі ерте,- дейді. Өйткені, азаматтар санитарлық ережелерді сақтамай жүр.

Энтони ФАУЧИ, ҰЛТТЫҚ АЛЛЕРГИЯ ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазір бізде тәулігіне 40 мыңнан астам вирус жұқтыру жағдайы тіркеледі. Егер ештеңе өзгермесе, олардың саны күніне 100 мыңға дейін жетеді. Вакцина пайда болғанның өзінде қауіпсіздікке ешкім кепілдік бере алмайды. Келесі жылдың басында доза қол жетімді болады деп үміттенеміз. Алайда әзірге нақты болжам жасай алмаймыз.

ДДҰ мәліметтері бойынша, індет жұқтырған елдер арасында АҚШ пен Латын Америкасы көш бастап тұр. Мәселен, Бразилияда науқастар саны 1,5 млнға жуықтаған. Қайтыс болған 60 мың адам бар.

Карисса ЭТЬЕН, ДДҰ-НЫҢ АМЕРИКА БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:

COVID-19-пен күресте біздің ең басты жауымыз - немқұрайлылық. Солтүстік және Оңтүстік Америкада науқастар саны 5,1 миллионға жетті. Індеттің кесірінен шамамен 250 мың өлім оқиғасы тіркелді. Бұл өте жоғары.

Ал Колумбияда соңғы бір тәулікте 3 мыңға жуық адам қытайлық індетке шалдыққан. Жергілікті билік Богота қаласында қатаң карантин режимін енгізуді ойластырған. Алайда, Президент пен Богота мэрі кеңесе келе бұл ойдан бас тартты.

Клаудия ЛОПЕС, БОГОТА МЭРІ:

Шілде айында науқастарды емдеуге қауқарымыз жетеді. Егер тамызда респираторға деген қажеттілік 722 данадан асып кетсе, Денсаулық сақтау министрлігі мен төтенше қор қосымша шараларды қабылдайды.

АҚШ вакцинаны дайындауға кірісіп кетті. Асығуға негіз бар. Өйткені, америкада COVID-19 жұқтырғандардың саны 2,6 млн-нан асты.

Ғ.Өтемісов