Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында соңғы үш айда 14 бала терезеден құлаған

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2020
  • 2228

Қарағандыда оқыс оқиға. 2 жасар сәби екінші қабаттан құлап кетіп ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, "Нәрестенің жағдайы орташа ауыр". Екі жасар қыз бала басынан жарақат алыпты. Ол, үйде ата-анасының қарауысыз жалғыз қалған. Бұл Қарағандыда бірінші рет тіркеліп отырған жағдай емес. Соңғы үш айдың ішінде облыста 14 бала терезеден құлап кеткен көрінеді. Төтенше жағдайлар департаменті дабыл қағып отыр. Келітірлген деректерге қарағанда биыл ауруханаға терезеден құлаған 20 бала түсіпті. Оның 4-і өкінішке орай жан тапсырыпты. Аман қалғандарының кейбірі, мүгедек болып қалды. Мамандар ата-аналарды балаларына мұқият қарауын өтініп отыр.

Мұрат ҚАТПАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Москиттік торларға сенбеңіздер. Терезенің алдынан бүкіл жиһаздарды алып тастаңыздар. Арнайы бекіткіштер қойыңыздар. Балалармен ашық терезе қаупі туралы үнемі ескерту жұмыстарын жүргізіңіздер.

Ата-ана жауапкершілігін арттыру мақсатында төтенше жағдай департаменті мамандары үгіт-насихат жұмысатарына кіріскен. Арнайы бейнероликтер түсіріп ғаламтор арқылы таратуда. Мамандардың қолынан келетіні осы ғана. Өйткені, баласына салғырт қараған ата-ана жауапқа тарту еш қандай Заңда көрсетілмеген.

А. Қуаш