Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында шаруалардың жерсіз қалдырған диқан, жерді қайтарып беруге мәжбүр болды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2020
  • 3102

Павлодар облысында шаруалардың жерін заңсыз иемденген диқан, жерді қайтарып беруге мәжбүр болды. Аймақта тексеріс жүргізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай шешім шығарып отыр. Естеріңізге сала кетейін, мамыр айында ғана ауылға тиесілі жерді әлдекімдер жекешелендіріп алды деп Железин ауданының халқы бас көтерген еді. Шаруалар сол кезде мал жаятын жайылымдық жерді егістікке айналдырмақшы деп наразылықтарын білдірді. Жер телімін бөлу кезінде әкімдік «бармақ басты, көз қысты» әрекетке барды деп топшылады. Жергілікті биліктің қызметін тексерген жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері артынша конкурстың расымен де әділ өтпегенін растап отыр. Алдағы уақытта шенді-шекпенділердің ісі май шаммен қаралып, кінәлер тиісті жазасын алады, деді. Бір қызығы, бұл іс арқылы Железин ауданындағы басқа да кемшіліктердің беті ашылыпты. 

Ардақ БАЛҒОЖИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АГЕНТТІКТІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қателіктерге жол берілген. Яғни, жер қатынастары туралы нормативтік актілерді дұрыс орындамаған. Сондықтан, іске кімнің нақты кінәлі екенін анықтап, жазалайтын боламыз.

Ауыл тұрғындары болса, мәселенің тез шешілетін күткен жоқ. Жайылымдық жерлерін қайтарып бергендеріне алғыс білдірді.

Валерий ПЛОЩИК, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІНІҢ ӨКІЛІ:

Біз, тіпті, бұлай болады деп күткенде жоқ едік. Мәселе бірден шешіліп, 180 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді 190 гектар жерді де қайтарып бермек. Ауыл адамдар өте қуанып отыр. Бұл түйткіл осылай жылдым шешіледі - деп ойлаған жоқпыз.
 
Ө. Қуанар