Русский Сайттың толық нұсқасы

Карантин кезінде жаназаға 30 адамнан артық қатысуға тыйым салынды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2020
  • 4277

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаназа талаптары өзгертілді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне бұдан былай 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Қонақ асы берілмейді. Жаназа намазы мен Құдайы асқа қатысу ережелерін еліміздің наиб-муфтиі Ершат Оңғаров түсіндірді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, дене қызуы мен жөтелі бар азаматтардың жерлеу рәсіміне келмеуін өтініп отыр. Сондай ақ жасы үлкен кісілер мен балалардың да жаназаға қатыспағаны дұрыс. Белгіленген санитарлық ережелер қатаң сақталуы тиіс.

Ершат ОҢҒАРОВ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шариғатта қандай да бір жұқпалы аурудың белгісі тараған кезде аурудың етек алуын тоқтату үшін карантин қажет екені атап айтылған. Сондықтан қазіргі кезде көрінбейтін зиянды дерт тараған кезде оның алдын алу әр мұсылман баласына міндет!

Наиб-мүфти, сондай-ақ жаназа намазы уақыты қысқаратынын айтты. Уағыз енді 5 минуттан артық болмауы шарт. Ал мәйіт бұдан былай карантин ережелеріне сәйкес жуылады. Карантин мерзімі ұзартылған жағдайда мешіттерде айт намазының оқылмауы да мүмкін.

Ғ.Өтемісов