Русский Сайттың толық нұсқасы

Бұдан былай адвокаттар көрсететін қызмет құны заңмен бекітілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2017
  • 2519

Бұдан былай адвокаттардың тұтынушыға көрсетер қызметінің ақысының бірыңғай тарифі заңмен белгіленуі мүмкін. Бұл туралы Әділет министрлігінде өткен «Адвокат қызметі және құқықтық кеңес» туралы заң жобасын талқылау кезінде айтылды. Мұнан өзге соңғы 3 жылда ел бойынша лицензиясы бар адвокаттар саны небары 300 маманға көбейген. Мамандыққа қызығушылықтың жоқтығы мүшелік жарнаның тым көптігінде, - дейді мамандар. Мысалға, олар адвокаттар алқасының мүшелігіне ену үшін 800 мың теңгеге дейін алғашқы жарна төлеп келген. Сондықтан жаңа заң жобасында бұларды алып тастау бастамасы көтерілді.

Бақытгүл Атағазиева, ҚР Әділет министрлігі департаментінің директоры:

Негізгі кедергісі, біз айтқан, - алғашқы жарна. Қазіргі қолданыстағы заңда алғашқы жарна қарастырылған. Біз оны жаңа жобада алып тастауды ұсынып отырмыз.