Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық экологтар «ЭКСПО-2017» жобаларын сынап жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2017
  • 2440

Қазақстандық экологтар «ЭКСПО-2017» жобаларын сынап жатыр. «Қазгидромет» орталығында ауадағы алты бірдей ластағышты анықтайтын бірегей құрылғыны тексермек. Финдік технология бойынша өндірілген «Vaisala» датчигі Елордадағы ауаны бақылау бекетіне орнатылды.

«Қазгидромет» орталығы Vaisala Group компаниясымен 2005 жылдан бері бірге қызмет істеп келеді. AQT-420 датчигі азот диоксиді, көміртек тотығы, күкірт тотығы, озон, РМ-2,5 және РМ-10 қалқымалы бөлшектерінің концентрациясын дәлме-дәл анықтайды. Тесттік режимде орнатылған тетіктің қорытындысы келер жылдың сәуірінде жария етілмек. «Қазгидромет» маманы финдік ноу-хаудың артықшылықтарын атап өтті.