Русский Сайттың толық нұсқасы

"BIRGEMIZ" қорынан жарты миллион қазақстандық көмек алды

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2020
  • 2958

Карантин кезінде "Birgemiz" қорынан жарты миллион қазақстандық көмек алды. Бұл, әлеуметтік осал топтарға отандық кәсіпкерлер тарапынан көрсетілген қолдау. Бизнесмендер қорға 28 миллиард 500 млн теңге аударған. Қаражаттың 97 пайызы, бір реттік көмек ретінде 50 мың теңгеден үлестірілді.

Тимур ӨМІРЗАҚОВ, "BIRGEMIZ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Төлем төрт рет жасалды. Алғашқы екеуі ірі қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін берілді. Үшінші толқын-шағын қалалар мен аудандарға арналды. Төртінші толқында ауыл тұрғындарын қамтыдық. Бұл көмек қиын жағдайға тап болған азаматтарға, соның ішінде көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қарттарға жеткізілді.

Ал, қалған қаражат COVID-19-бен күрес кезінде алғы шептен көрінген дәрігерлерге сыйақы ретінде берілді. Ол 29 медициналық мекеме қызметкерлері. Сондай-ақ, қор есебінен Түркістан облысының Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендердерге де көмек көрсетілді. Аударылған қаражатқа 20 үй салынып жатыр. Бұдан басқа, 5 миллион аса медициналық бетперде сатып алынған.

Тимур ӨМІРЗАҚОВ, "BIRGEMIZ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бетперде тапшылығы қатты сезілген кезде 2 миллионнан аса маска сатып алынды. Олар "Nur Otan" партиясының "Jas Otan" жастар қанатының еріктілерінің арқасында халыққа таратылды.

А. Мүтәлі