Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда заңсыз дәрі-дәрмек саудасы қызып тұр

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2020
  • 2709

Алматыда заңсыз дәрі-дәрмек саудасы қызып тұр. Бұл саудаға тіпті дүкендер де кірісіп кеткен. Пандемияға дейін косметика сатып жүрген дүкеннің бірі жуырда дәріханаға айналыпты. Табысын арттырғысы келген кәсіпкер лицензия алуға да асықпаған. Заңсыз саудамен айналысқан екі кәсіпкер ұсталды. Көлеңкелі айналымнан 1 миллион 100 мың теңгенің дәрі дәрмегі тәркіленді. Алматыда дәрі-дәрмек саудасына заңсыз араласқан кәсіпкер аз емес. Құқық қорғау органдары соңғы үш күнде 11 жалған кәсіпкерді анықтап отыр.

Қанат ТАЙМЕРДЕНОВ, АЛМАТЫ Қ. ПД БАСШЫСЫ:

24 мың дана дәрі сондай-ақ 9 мың Ковид тестері тәркіленді. Аталмыш дәрі-дәрмектердің арасында қытай өндірісіндегі парацтамол да бар. Қазіргі таңда бұл дәрінің Қазақстанға жеткізілу жолы анықталуда. Жоғарыда аталған барлық деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Алыпсатарлармен экономикалық тергеу департаменті де алысып жүр. Жуырда формацевтикалық компания қызметкерлері тұтқындалды. Олар, 4 млн теңгенің 500 қаптама дәрісін үшінші жаққа сатпақ болған.

Жақсылық МЫРЗАХАН, АЛМАТЫ Қ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Үш қылмытсық іс қозғалды. Бұл қылмыстық істер ҚР ҚК 214 бабы яғни, жалған кәсіпкерлік. Өздеріңіз білесіздер қандай да бір кәсіппен айналысу үшін тіркеуден өту керек, салық төлеуші болу керек. Ал, бұл жерде азаматтар сұраныстың бар екенін біле тұра, қандай да құжатты алмай бұл дәрілерді қымбаттау бағамен сатпақ болған.

А. Кемелжан