Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19 ауа арқылы жұғуы мүмкін, - әлем ғалымдары

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2020
  • 4121

Коронавирус ауа арқылы жұғуы мүмкін. Әлем ғалымдарының ғылыми жұмыстары мен зерттеулері осыны дәлелдеді. Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова айтуынша, инфекцияның жұғу көрсеткіші жоғары болғандықтан, медициналық бетпердені көшеде де тағып жүру керек.

Нұрила МАЛТАБАРОВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ:

Қазіргі кленикалық хаттамамызда аурудың он бірінші күнінен бастап науқас жан-жақтағы жанында жүрген адамдарға ешқандай зақымын тигізбейді, ешқандай коронавирус жұқтырмайды. Сондықтан науқас қажетінше далаға шыға алады. Ол ауруды жұқтырмайды.

Қазір коронавируспен қатар пневмонияның да өршіп тұрған кезі. Сәйкесінше, бұл дерттен көз жұмғандар саны да артқан. Министрліктің дерегінше, шілде айы басталғалы бері 32 мыңнан астам адам өкпе қабыну дертіне щалдыққан. 450-ден астам қайтыс болды. Солардың бірі - Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов. Бұл ақпаратты облыстық баспасөз қызметі растады. Әкім Амандық Баталов көңіл айтты.

Амандық БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық. Көз жұмуының негізгі себебі: пневмония. Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде қайтыс болды.

Бұдан бөлек, дәл осы кеселден Ақтөбе облысында бес медицина қызметкері көз жұмды. Олардың біреуі дәрігер, біреуі медбике. Қалғаны түрлі медицина саласында жұмыс жасаған қызметкерлер.
.
Ондасын ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ақтөбе облысында өкінішке орай бір медбике қаза тапты. Сонымен бірге төрт медицина қызметкері қаза болды. Арасында басшылық қызметтегі жандар да бар. Барлығы пневмония дертінен көз жұмған. Ал олардың отбасына өтемақы төлеу жағы шешілетін болады.


Бүгінде республика бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақталар емес. Өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан індет анықталыпты. Жалпы ел аумағында науқастардың саны 54 мыңнан асты. 32 мыңға жуық адам сауығып шықты. 280 адам қайтыс болды.

А. Данияр