Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал белсенді жастары медициналық құралдарға ақша жинап жүр

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2020
  • 3143

Қатерлі індет қос өкпеден қысқан науқастарға еліміздің жанашыр азаматтары ақша жинап жатыр. Олардың ішінде кәсіпкерлер, еріктілер және блогерлер бар. Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өкпені жасанды желдететін аппараттың 125 данасын Түркиядан сатып алыпты. Бұл қондырғылар елге шілденің 12-сі жетуі тиіс. Айнұрды қолдап, игі іске араласқан белсенді көп.

Жанат БАҚЫТ, КӘСІПКЕР:


Қолда бар ақшаны есептесек, дәл қазір 23 аппарат сатып алып жатырмыз. Халық бірігіп, өз тарапымнан да қосып, 18 аппарат сатып алдық.

Өкпені жасанды желдету аппараттарының бағасы әр түрлі. Арзаны 170 мың теңге тұрады. Бұл бүгінгі баға. Өйткені, сұраныс жоғары аппаратың бағасы күннен күнге көтеріліп барады.

Дәулет ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ, БЛОГЕР:


Басында 160-170 мың теңгеден басталған екен бұл аппараттар. Кейбір жерде 225-230 мыңға дейін шығып жатыр. Тіпті сол Түркияның Ыстамбұл қаласынан да іздеу кішкене қиынға соғуда.

Бүгінде елімізде 3200-ден аса өкпені жасанды желдету аппараты бар екен. Науқастардың сәт санап көбейіп жатқанын ескерсек, бұл теңізге тамған тамшыдай. Демек, бұл іске белсенділердің араласуы құптарлық.

Е. Карин