Русский Сайттың толық нұсқасы

42500 теңге кімге беріледі?

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2020
  • 3988

42500 теңге үшінші рет беріледі. Осы жолы көмекақы 1 миллионнан астам адамға тағайындалады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Бұл қаржы, пандемия салдарынан табысынан қағылып қалған мұқтаж жандарға төленеді. Төлем тек шілде айында ғана жүзеге асырылады. Тиісті сомма, аты шулы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінбек. Бір жолғы төлем үшін өтінімдер жұма күнінен бастап қабылданады. Шілденің 20-нан бастап қаражат аударылады. Айтпақшы, міндетті зейнетақы жарнасы енді ешкімнен талап етілмейді.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Жалдамалы жұмысшылар үшін бұл жолы өтінішті, тапсырысты тек оның жұмыс берушісі береді. Ол ақысыз демалысқа жібергендігі туралы растап өзінің жұмысшыларының осындай өтініш беретін болады. Жеке кәсіпкерлер ол кісілерде өткен жолғыдай өтініштерін жібереді.


"Әлеуметтік төлемнің бірінші және екінші кезеңінде кеткен қателіктер енді қайталанбайды", дейді ведомство басшысы. Ал, өңірдегі салық басқармалары өтініш берушілер туралы мәліметті толыққанды тексеріп шықпақ. Көмек ақы айтпақшы, колледж бен университет студенттеріне және жұмыссыз азаматтарға берілмейді. Ал, жұмысы бар бола тұра өтемақы алғандар енді жауапқа тартылмақ.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

42500 теңгеге қатысты студенттер деген бөлек санат жоқ.  Студенттің студент болғаны үшін 42500 теңге өткен жолы да төленген жоқ. Бұл жолы да төленбейді. Егер де бұл жерде жалдамалы қызметкер болса, жеке кәсіпкер болса немесе өз бетінше жұмыспен қамтылған болып мынау шектеу салдарынан табысынан айырылған болса ғана төленеді.

Өтініштер әдеттегідей 42500.enbek.kz сайты мен egov.kz порталы және телеграмм боттар арқылы қабылданады. Айта кетейін, әлеуметтік төлем ережелеріне әле де өзгерістер енуі мүмін. Бұған қатысты ақпаратпен министр шілденің 17-де бөліспек.

А. Данияр