Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда дүлей дауылдан зардап шеккен мекемелерге өтемақы берілмейді

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2020
  • 2428

Қарағандыда дүлей дауылдан зардап шеккен мекемелерге өтемақы берілмейді. Қалалық әкімдік осындай мәлімдеме таратты. "Шығынды өтеу үшін төтенше жағдай жариялануы тиіс, ал оған негіз жеткіліксіз", деді жергілікті шенеуніктер. Басшылық, "Тұрғын үй қатынастары туралы заңның" 50 бабы, 1 тармағына сүйенген. Еске сала кетейін шілденің 12 күні Қарағандыда аяқ астынан дүлей дауыл тұрып көптеген мекеме қирады. Небәрі 15 минут соққан қатты желден зардап шеккен адамдар да бар. Бір жасөсіпірім көлік қағып ауруханаға түссе, "Топар" суқоймасында шомылып жүрген 19 жасар қыз бала суға батып қаза болды. Құтқарушылар оның денесін 1 сағат өтенде тапты.

Мұрат ҚАТПАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ол белгіленбеген жерде үрленген матрацтың үстінде демалып жатқан кезде жағадан 200 метрге дейін жерге матрацтың аударылуына байланысты қайтыс болған. Дене біздің құтқарушылармен алынып шығарылды. Судағы қауіпсіздікті сақтау ережесін сақтауды сұраймын.

Дауыл кесірінен қаланың орталық көшелері мен Бұқар жырау және Абай аудандары жарықсыз қалды. Электр сымдары кеше кешкісін ғана жалғанған. Дүлей дауылдан 18 құрылыс нысан зардап шеккен. Шатырын ұшырып кетен мекмелер арасында көпқабатты үйлер мен мектептер бар. 45 ағаш құлап 11 көлік зақымданды. Дауыл салдарын жоюға 25 техника мен 100 ден аса құтқарушы жұмылдырылды.

А. Қуаш