Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда қоғамдық тамақтану орындары карантин режимін ескермеді

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2020
  • 2056

Қостанайда локдаун режимін ескермей жұмыс істеп жатқан мекем көп. Соның бірі астыртын суши мен пицца тамағдарын дайындап келген. Шектеу шараларын сақтамаған жапон асханасы жұмысы арнайы жүргізілген рейд кезінде әшкере болды. Әкімшілік іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Анар СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Қоғамдық тамақтану орны карантиндік режимді сақтамағанын байқадық. Ол жерде жеке тұлға өзінің кәсібін тіркемей, өзі жаңағы суши, пицца сияқты тағамдарды тапсырыс қабылдау арқылы жасайтыны анықталды. Біздің басқармада тіркелмеген боп шықты.

Мониторингтік топ екі күн ішінде қаладағы 23 нысанды тексеріп шыққан. Рейд барысында қоғамдық тамақтану орындары мен қалалық жағажайда карантиндік тәртіп сақталмағаны анықталды. Ереже бұзған 4 заңды тұлғаға 600 мың теңгеден айып пұл салынды. Локдаунға бағынбағандар арасында желілік-маркетинг "серкелері де" бар. Олар, 30 адамнан қосылып жиын өткізсе, енді бірі коттедж жалдап той жасаған.

З. Санай