Үкімет пандемия статистикасын біріздендіру керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осындай жазба жариялады. Ол, халыққа короновирустық инфекция туралы шынайы ақпарат беру керек, деп мәлімдеді. Президент сондай ақ, ел азаматтарының денсаулығы мен өміріне COVID-19-дан бөлек, өкпе қабынуы үлкен зардап тигізіп жатқанын да атап өтті.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз.
А. Данияр