Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" ауруханаға көмек көрсетті және коронавируспен күресті бақылауға алды

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2020
  • 2842

Павлодарлық кәсіпкер ауруханаларға оттегі аппаратын сыйға тартты. Осылайша аймақтағы 3 бірдей медициналық мекеме заманауи құрал-жабдыққа ие болды. Бұл игі бастамаға «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мұрындық болды.

Қобыланбек ҚОЖИН, КӘСІПКЕР, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Біреудің сұрағанын тоспай, күтпей, әкімнің не істеп жатқанын сынға алмай, барлығымыз бірдей қолдап, бір үйдің баласындай, бір үйдің адамындай шама келгенше көмек көрсетуіміз керек деген ойдамыз.

Кәсіпкерлер ауруханаларға жалпы көлемі 5 мың литр ауыз су мен қажетті дәрі-дәрмектерді әкелді. Жалпы соммасы 12 млн теңгені құраған көмекке аймақтың атымтай жомарттары ат салысқан. Ал "Jas Otan" жастар қанатының белсенділері өңірде "Дәрігерлерге мың алғыс!" акциясын бастап кетті.

Шара барысында аймақтағы ауруханаларда күн-түні жұмыс істеп жатқан дәрігерлеріне «Денсаулық себеттерін» әзірлеп, табыстады.
 
Ғабит ХАФИЗ, "JAS OTAN" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Денсаулық себетінде ең қажетті иммунитетті көтеретін дәрумендер тағы басқа қажетті заттар бар. Бұны біз дәрігерлерге сыйлау арқылы олармен бірге екенімізді олардың қиын жұмысты атқарып жатқанын көрсете келіп, тұрғындардың атынан барлық қазақстандықтардың атынан үлкен алғыс білдірудеміз.

Сондай-ақ, Павлодарға Ресей мен Қытайдан гуманитарлық көмек келді. Оның ішінде індетпен күресте Ресейде өндірілген «коронавир» дәрісі де бар. Мамандар бұл препараттың аурумен күресте ем болатынына сенеді. Ал көмектің тиісті орындарға жетуін Нұр Отан партиясының қоғамдық бақылау топтары қадағаламақ.
 
Алма ҚОЗЫБАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:


Аудандарға жеткесін біздің аумақтық үйлестірушілер сол ауруханаларға барып, келген заттарды қайтадан қабылдайды. Бұл жерде ең маңыздысы шетелден келіп жатқан гуманитарлық заттар барлығы біздің ауылдарымыздың түкпір-түкпіріне дейін жетеді деген сенімдеміз.

Көрші елден келген қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмек аймақтағы 38 ауруханаға жөнелтіліп жатыр. Оның тең жартысы тиісті мекемелерге жетіп үлгерген.

Ө. Қуанар