Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда "Маска тағыңыз" деген жазу, тасжол мен тротуарда жазыла бастады

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2020
  • 3033

Павлодарда белсенді жастар карантин талаптарын сақтауға шақыратын жадынамалар жаза бастады. Тас жолдар мен тротурарларға "Маска тағыңыз" - "Носите маску" сөздерін бояумен жазды.
 
Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Дәл осындай жазулар қаладағы адамдар көп жиналатын орындар мен жаяу жүргіншілер жолына жазылған. Кейде асыққан сәтте масканы ұмытып кетіп жататынымыз, рас. Сондықтан да идея авторлары адамдарға маска тағуды осылайша еске салмақ.

Игі істі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы қолға алған. Этно-мәдени бірлестік жастары мен еріктілер жазуды бояуға ат салысыпты.

Рамиль СМАИЛОВ, "ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ" ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Барлықтарыңызды карантин талаптарын сақтауға әрі үнемі маска тағып жүруге шақырамын. Қазіргідей қиын жағдайда біз әлі де сақтық шараларын сақтауымыз керек! Сонда ғана жеңіске біргеміз жететін боламыз.

Қазір өңірде бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынбайды. Бірақ, мамандар, халық көп шоғырылған жерде маска тағуға кеңес береді. Жабық ғимараттарда бетперде тағу міндетті. Әйтпегенде жағдайда, айыппұл салуға құқылы.

Батырбек ӘЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

Карантин талаптарын бұзған адамдар әкімшілік жауапгершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 83 340 теңге, шағын және орта бизнес өкілдеріне 638 940 теңге. Оның ішінде орта кәсіпорындарға 861 180, ірі кәсіпорындарға 4 млн. 444 880 теңге айыппұл қарастырылған.

Ал біз жүргізген сауалнамада тұрғындардың көбі бұл талапты жабық ғимараттарға кіргенде ғана орындайтындарын айтады. Өйткені ыстық күнде далада маска тағып жүру қиын - дейді.

БЛИЦ:

- Личный сияқты. Таза ауамен демалған сол дұрыс ғой. Кісі көп жерде маска киген дұрыс болады.

- Қазір ыстық. А так магазинге кіргенде кием.

- Осы талаптарды орындау керек. Бәріміз бірге жеңеміз осылай талапқа бағынып жүрсек.


Дегенмен ортақ талапты орындау баршамызға міндет. Әр адам өз жақындары мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Осыны ескерткен белсенді жас буын өкілдері, масканы тағуды аяқ астына жазып, одан аттап кетпеуге үндейді.

Ө. Қуанар