Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жерлеу жұмыстары үшін заңсыз ақша жинағандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2020
  • 2229

Алматыда жерлеу жұмыстары үшін заңсыз ақша сұраған, зират қызметкерлері анықталды. 55 және 52 жастағы апталдай азаматтардың заңсыздығын жергілікті полиция әшкерелеген.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Кеше екі азаматты қолға түсірдік. Екеуі де зиратта жұмыс істеген азаматтар. 65 жылы және 68 жылы туылған. Өздері кінәләрін мойындады. Жерлеу рәсімін ұйымдастырушы болып жұмыс істеген азаматтар. Негізі арнайы кассаға 54 мың көлеміндегі ақша төленеді. Ол суммадан бөлек кем дегенде 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін талап еткен.

Күдіктілер жақындарын жерлегендерден қомақты қаржы алғанымен, оларға ешқандай түбіртек ұстатпаған. Осылайша олар ақшаны заңсыз иемденіп, қалтаға басып отырған. Бірақ қанша пайда тапқанын полиция ашып айтпады. Аталған департамент қазір Қылмыстық кодекстің 190-шы бабы 4 тармағы бойынша, яғни алаяқтық бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын бастапты.

Әйтсе де елдегі имамдар мұндай қабіршілердің ісін жан-жақты тергеу қажет деп отыр. Қиын-қыстау кезеңде бағаны қолдан көтергендері үшін жаза тағайындалуы тиіс дейді.

Ержан НАЗАРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ ІС БАСҚАРУШЫСЫ:

Жалпы екі қызметкер өз ақысын сұрай алады ғой. Оның бірі қасапшы болса екіншісі қабір қазушылар. Сондықтан ол өз еңбегін көрсетілген еңбегі болу керек. Содан асырмау керек. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы бас мүфтиіміз осыны мейлінше бағаны көтермеу қолдан жасамау халыққа осындай уақытта өз көмегімізді көрсетіп бағаны аса көтермеу жайында айтып өткен болатын. Бізде де осыны айтамыз.

Ә. Лесбек