Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақын-жазушы, айтыскерлер де қиын кезеңде халыққа көмек көрсетуді бастады

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2020
  • 3087

«Nur Otan» партиясына мүше ақын-жазушы, айтыскерлер де қиын кезеңде халыққа көмек көрсетуді бастады. «Қазақстан Жазушылар одағы» Нұр-Сұлтан қалалық филиалында «Жақыныңа жанашыр бол» акциясы басталды. Меценат, кәсіпкер Толқын Ақанұлының қаржылай қолдауымен 10 отбасыға 42 500 тг табысталды. «Абай шапағаты» халықаралық қайырымдылық қоры алдағы уақытта өзге де кәсіпкерлердің көмегімен тағы бірнеше отбасыға көмектесуді жоспарлап отыр.

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ, «АБАЙ ШАПАҒАТЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Құрбан айт мерекесі болғандықтан 10 қой бермек болғанбыз, бірақ біреуінің баласына жөргек керек, дәрі керек, ет керек, шәй керек болған соң ақшалай беретін болып шештік.

Толқын АҚАНҰЛЫ, КӘСІПКЕР:

Халық қиналмасын, әрқашан барлығымыздың бірге екенімізді білсін. Ақындар халыққа өте жақын халық, жақын екендігімізді білсін. Бір тұтас, бір халық екендігімізді білсін деп кәсіпкер ретінде алғашқы рет қатынасып отырмын. 

Ә. Өмірзақ