Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайырымдылық қаражатына сатып алған оттегі жәшігі ауруханаларға таратыла бастады

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2020
  • 2712

Алматыдағы медициналық мекелер өкпені жасанды тыныстандыратын оттегі құрылғыларымен толықты. Бүгін жетінші ауруханаға 8 данасы, ал Алатау ауданындағы модульдік емханаға 5-уі жеткізілді. Дәрігерлер мұндай құрылғы науқастардың өмірін сақтап қалуға сеп болады деді. 

Серікжан САБЫРӘЛИЕВ, №7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан бізге, медициналық ұжымждарға, қызметкерлерге жаппай көмек көрсетіліп жатыр. Және де осы жергілікті кәсіпкерлерден, қоғамдық мекемелерден және Нұр Отан партиясынан бізге көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл құрылғылар бірнеше күн бұрын ғана Қытайдан жеткізілген. Қапражат қайырымды жандардан жиналыпты. «Шұғыла» қорына үш аптада жомарт жандар 450 млн. теңге жинап берген. Қомақты қаржыға өкпені жасанды тыныс беретін 4 мың құрылғы алынған.

Нұрымбек ТАУ, КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Осындай қиын кезде бірге болмасақ, бір жұқдырықтай жұмылмасақ елдігімізге, азаматтығымызға сын деген оймен осылай кірістік. Төрт мың осы оттегі құрылғыларына тапсырыс бердік. Алды алдыңғы күні келіп, Қазақстанның түкпір-түкпіріне, облыс-облыс, аудан-ауданға «Шұғыла» қоры арқылы бөлініп кетіп жатыр.

Ал, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы аудандық аурухана да су жаңа 10 оттегі құрылғысымен толықты. Оны ақ халаттыларға жасотандықтар табыстады. Жоспар бойынша, алдағы аптада тағы сегіз аппарат жеткізілмек.

А. Кемелжан