Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы жұртшылығы Ұзақбай Қарамановты ақтық сапарға аттандырды

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2017
  • 3872

Алматы жұртшылығы бүгін мемелекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановты ақтық спарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Әуезов атындағы академиялық драма театрда өтті. Қаралы митингте көпшілікке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек оқып берді. Үкіметтен, Парламент палаталарынан және Қызылорда облысының атынан келген өкілдер де елдің көңіл айту сәлемдемелерін жеткізді.

Ұзақбай Қараманов Қазақ ССР-нің тұңғыш премьер-министрі ретінде тарихта қалды. Ел егемендігін алып, әлеуметтік-экономикалық тоқырауға ұшыраған шақта үкіметтің тізгінін ұстап, осы қызметті абыроймен атқара білген. Кеңес үкіметі кезінде құрылыс саласында лауазымды қызметтер атқарған. Алматыдағы «Әуезов театры», «Қазақстан» қонақ үйі, «Үлкен Алматы каналы» сияқты іргелі құрылыстарды басқарды. Ол екі күн бұрын 80 жастан асқан шағында Алматыда көз жұмды. Марқұм «Кеңсай» зиратында Дінмұхамед Қонаев, Бәйкен Әшімов сынды мемлекет қайраткерлерінің жанына жерленді.

Асқар Құлыбаев, мемлекет және қоғам қайраткері:

Егер қазақтың әр баласы, қызы осы Ұзекеңдей жұмыс істесе, Қазақстан қазір басқа жағдайда болар еді. Күні-түні жұмыс істейтінбіз. Ел білмеуі мүмкін, біз өзіміз және жан-жағымыздағы адамдар біледі оны. Сондықтан Ұзеңкеңнің кеткені бізге қатты тиді. Сондықтан Ұзекеңнің істеген жұмыс ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын.