Русский Сайттың толық нұсқасы

Карантин кезінде ХҚКО кезегін сататын саудагерлер көбейді

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2020
  • 2508

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Пандемияға қарамастан көлік сатамын, сатып аламын деген қарапайым халықтың қарасы қалың. МХҚКО карантинге байланысты белгілі шектеулер енгізген және онлайн кезекке тұрып белгіленген уақытта кіру мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ онлайн жүйеде «ақау шықты» деп осында келіп кезекке тұрғандардың да саны аз емес. Ал ішінде санитарлық шаралар, қауіпсіздік шаралардың сақталғаны күмән тудырады.


БЛИЦ:

- Отбой дей береді. Білмеймін, мен дұрыс істемедім ба.
- Я не знал, только что узнал об этом. Следующий раз так сделаю.


Көлік номерін ауыстыруға немесе тіркеуге келген елордалықтарды жарты күні кезек күтумен кетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бүгінгі жағдай осы.

Алмас, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Халыққа қызмет көрсету орталығы жақсы ұйымдастырылған деп ойлаймын. Бірақ шетелмен салыстырғанда, мысалы Грузиямен, онда 5-10 минут ішінде басып, шығарып береді.


Орталықтар жұмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жақсы біледі. Бірақ бұрындары құжаттар рәсімі әлде қайда жылдам қаралатын еді.

Олжас БЕКТЕНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

1-1,5 сағат ішінде барлығы шешілді. Мен осыдан 3 жыл бұрын көлік стаып алғанмын. Ешқандай проблема кездескен жоқ.
- Қазір біразы айтып жатыр ұзақ деп, себебі неде деп ойлайсыз?
Білеміз, білеміз. Енді оны құзіретті орган өкілдері түсіндірер.


Құзыретті органдардың сөзіне сенсек бұл келеңсіздік карантиндік шектеулерге байланысты пайда болды. Бұрын жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін болса, қазір орталық түскі 3-ке дейін ғана жұмыс істейді. Пандемия кезінде орталық онлайн кезек үрдісін енгізіпті. Алайда, оны кейбір пысықтар өз пайдасына жаратып, жақындап қалған кезегін сататын болған.

Дәулет ДҮЙСЕМБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МХҚКО БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
 
Біз ол кісілермен сөйлестік. Олар он күнге дейін бронь жасап қояды. Өйткені клиентіміз машинамызды қай күні алатынын білмейміз дейді. Қай уақытта алады, сол уақытта броньмен келеміз, сол үшін осылай бронь жасап қоямыз деп айтып жатыр.

Заңсыз сауданы тоқтату мақсатында мамандар онлайн кезек тәртібін өзгертуге мәжбүр болды.

Дәулет БЕКМАНОВ, ҚР ЦДИАӨ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бронь жасайтын кезде өзіңіздің ЖСН-іңізді көрсетесіз. Оған қоса автокөлік нөмерін көрсетесіз. Ал бұған дейін тек ЖСН көрсететінсіз.


Онлайн кезектің жаңа тәртібі тамыздың 3-нен бастап жұмыс істейді. Бұл жүйе орталық жұмысын да жеңілдетуі тиіс, дейді мамандар.

Ә. Өмірзақ