Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жыл басынан бері 57 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2020
  • 2093

Қарағанды облысында жыл басынан бері 57 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді. Келтірілген шығын көлемі - 2 млрд. тенгеден асады. Бүгінгі күні оның 98 пайызы қазынаға қайтарылған. Бұл туралы облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразхан хабарлады. Қуантарлығы жыл сайын жемқорлық дерегі азайып келеді. Мәселен өткен жылы 89 дерек тіркелген.

Асхат ОРАЗХАН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Алғашқы алты айда 10 азамат сотталды. Айта кетерлігі, жылдан жылға мемлекеттік орган басшыларының да сыбайлас жемқорлыққа қатысуы анықталып келеді. Мәселен 2018 жылы 20 адам, ал 2019 жылы 17-і басшы ұсталды. Осыған байланысты біз еңбек ұжымдарымен тиісті жұмысты күшейтіп жатырмыз.

Пандемия кезінде актуалды проблемалардың шешімін табуға «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі де тартылған. Олар дәрінің дәріханаларда жеткілікті болуы мен белгіленген бағадан аспауын қадағалауға ат салысып жүр. 

Олжас БҰРХАНОВ, «САРЫАРҚА - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Барлық «СҚ-Фармация» қабылдайтын гуманитарлық көмекке сүйемелдеу үшін біздің жобалық кеңсе, арнайы мониторлық топ өкілдері және белсенді азаматтар тартылып жатыр. Ол жерге маскалар, киімдер, барлығы жетізілді.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұрғындарға ақшалай сыйақы беріледі. Мәселен өткен жылы 10 азаматқа жалпы 1,5 млн теңге көлемінде қаржы табысталған. Ал биылғы 6 айда 5 азамат 733 мың теңге алды.

Ә. Өмірзақ