Русский Сайттың толық нұсқасы

Бейрутте жарылған аммиак селитрасы ресейлік кәсіпкерге тиесілі болып шықты

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2020
  • 2759

Бейрутте жарылған аммиак селитрасы ресейлік кәсіпкер Игорь Гречушкинге тиесілі болып шықты. Тыңайтқыш химикат Грузиядан Мозамбикке жеткізілуі керек болған. Алайда, 2014 жылы жүкті Ливан билігі тәркілеп алған. Өйткені, ресейлік бизнесменнің Бейрут портына берешегі көп болыпты. Мұны кеменің бұрыңғы капитаны Борис Прокошев "Сібір Реалии" агенттігіне берген сұхбатында айтқан.

Борис ПРОКОШЕВ, «RHOSUS» КЕМЕСІНІҢ ЭКС-КАПИТАНЫ:

Мозамбикке бара жатқанда біз Бейрутке кіріп, тағы бірнеше жүк тиеп алуымыз керек еді. Бірақ ол, ауыр жүк көліктері болғандықтан мен оны тиеуден бас тарттым. Өйткені кеме майысып кетті. Кейіннен Игорь Гречушкин бізді Кипрдің Ларнака қаласына шақырды. Бірақ Ливан билігі порт төлемін бермедіңдер деп кемеге арест қойды.

Осыдан кейін Ливан билігі экипажды елдеріне қайтырап жіберіпті. Тек капитан, боцман және екі механик қана кемеде қалған. Сөйтіп олар Бейрутта көк тиынсыз 11 ай жатыпты. Аш қалған капитан, ай сайын хат жазып Владимир Путиннен араша сұраған.

Борис ПРОКОШЕВ, «RHOSUS» КЕМЕСІНІҢ ЭКС-КАПИТАНЫ:


Мұнда жағдай түрмедегіден қиын екенін жаздым. Сотталғандар қашан шығатынын біледі. Ал біз білмейміз. Хатымызға «өтініштеріңізді сыртқы істер министрлігіне жібердік» деген жауап алдық. Консулдықтағылар «Сені не осы жерден әкету үшін Путин арнайы жасақ жіберуі тиіс пе?» деді.


Кейін капитан кемедегі жанармайды сатып, Ливан билігімен соттасыпты. Сөйтіп, сот шешімімен Борис Прокошев еліне зорға оралды. Ал, әлгі Игорь Гречушкин болса бір тиын көмек көрсетпеген.

Борис ПРОКОШЕВ, «RHOSUS» КЕМЕСІНІҢ ЭКС-КАПИТАНЫ:

Жарылысқа Бейрут порты айыпты. Кемені арестке қоймай, жүктен тез арада құтылулары керек еді.


Айта кетейік, Бейрут портындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 130-дан асты. 5 мыңға жуық адам зардап шеккен. 300 мыңнан астамы баспанасыз қалды.

Ә. Өмірзақ