Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда жер үй өртеніп, бір отбасынан үш адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2020
  • 2808

Қызылжарда жер үй өртеніп бір отбасынан үш адам қаза болды. Төтенше жағдай қызметі келтірген дерекке қарағанда Щорса көшесі бойында ағаштан салынған үйдің бірі шамамен түңгі екіде отқа оранған. Өрт сөндірушілер келіп, өшірген. Жанған үйдің ішінен 9 және 5 жастағы балалар мен 1988 жылы туылған отағасының мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, от сөндірілмеген темекіден шыққан болуы мүмкін.

Нұрлан АТЫҒАЕВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ішіне кіргенде әкесі мен баланың денесі спальныйда жерде жатты, екінші бала кереуеттің үстінде табылды. Ұйықтап кеткен ғой. Шешелері үйде болмаған. Біз келгенде үйдің қасында жүрген. Бірақ үйде болмағанын следственный оперативный группа анықтауда.

Отбасы орташа санатта көрінеді. Ерлі-зайыптылар темір-жол саласында жұмыс істеген. Ешқандай әлеуметтік қызметте тіркеуде тұрмапты. Көршілерінде отбасы туралы жақсы пікір қалыптасқан. От дер кезінде сөндірілмегенде, басқа үйлерді де шарпуы мүмкін еді, дейді олар. Өйткені, жақын маңдағы үйлердің дені ағаштан салынған. Айта кету керек, күн ысыған сайын Қызылжар өңірінде өрттің қаупі дендеп барады. Жыл басынан бері тілсіз жаудың кесірінен 28 адам бақилық болды.

А. Құрманкин