Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында карантинге қарамастан суға кеткендер азаймай тұр

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2020
  • 2215

Күшейтілген карантинге қарамастан, Қызылордада суға кеткендер азаймай тұр. Жағажайлар мен бассейндер жабық, бірақ балалар рұқсат етілмеген жерлерді жағалап жүр. Айтуларынша, ата-аналары олардың бұл жағдайынан  бейхабар. Ал каналға жақын маңда тұратын Азиза, су лас болса да, мұнда келушілер күн жылынғалы толастамағанын айтты.

Азиза НҰРЛЫБЕК:

Жаз басталғалы бері бұл жақта көп су ағады. Мектепке жетпеген балаларда келіп түседі. Батып бара жатқан балалар да бір бірін құтқарады. Үлкендер айқайлағанымен балалар кетіп қалады да, қайтып келіп түсе береді.

Жалпы аймақта жыл басынан бері 23 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның сегізі бала. Бұл төтенше жағдай мамандарының дерегі. Құтқарушылар  Сырдария бойындағы қауіпті деген 64 аумақты кірпік қақпай күзетіп жүргендерін жеткізді. Дегенмен, ыстықта салқындағысы келгендер, бастарын қауіпке тігуді қояр емес дейді. Бүлдіршіндердің де суға кетуі, негізінен ерексектердің жауапсыздығынан деді.
 
Бақыт ЕМБЕРГЕНОВ, "ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ" ММ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Суға кетіп жатқан фактілер олар сырт жерде, ауылдық жерлерде, отводный каналдарда, қараусыз қалған каналдар мен көлдерде. Ең кішкентайы 4 жасар қыз бала. Фазендаға қонаққа барып, ата-аналары сиыр жайғап жүргенде бала қараусыз қалып, есіктің алдындағы арыққа құлап суға батқан.

Судан құтқарушылар рейд жұмыстарын күшейткен. Әсіресе кешкілік мезгілде және демалыс күндері адам қарасы қалың болатынын ескеріп, тексерістерді де сол уақытта жүргізуде. Алайда, олардың ескертулерін елейтіндер аз. Ал бақылаусыз қалған балалар мен ащы суға еліткендер судағы оқыс оқиғалардың артуына себеп болуда.

М.Қожахметова