Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында мектеп ғимараты отқа оранды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2020
  • 4238

Қызылорда облысының Жосалы кентіндегі мектептің шатыры өртеніп кетті. Былтыр ғана білім ордасына 140 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалған болатын. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, өрттің шығуына сол маңдағы электр бағанында болған қысқаша тұйықталу себеп болуы мүмкін. Жалын алдымен кент әкімдігі ауласында тұрған қамыс пен отынға түсіп, кейін мектеп шатырына тиген.
 
Саид МОЛДАҚАРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жалпы көлемі 825 шаршы метр. Ал өртенген бөлігі 285 шаршы метр. Өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Өрттен келген шығын анықталуда.


Білім ордасы 1903 жылы салынған. Сексенінші жылдары кеңейтіліпті. Қазір 240 бала білім алады. Тілсіз жаудан келген шығынды кім өтейтіні әзір белгісіз. 

Берік ЖӘНІБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Шығын көлемі есептеліп болғаннан кейін төтенше жағдайлар арқылы қаржы бөлу мәселесін қарастырып жатырмыз. Жоспар бойынша барлық жұмыстары жаңа оқу жылында аяқталады деп отыр.

М.Қожахметова