Әуе
отыны тапшылығы әуе компаниялары жұмысына қауіп төндірмейді. Энергетика
вице-министрі Әсет Мағауов телефон арқылы берген сұхбатында осылай деді. Әуе
керосин тапшылығын жоққа шығармаған ол әзірге 15 күндік қор бар екенін айтты.
Бірақ мәселе таяуда шешімін табады деп отыр.
Әсет
Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Соңғы
мәліметке сүйенсек, 22 қыркүейекте Қазақстан бойынша авиаотын қалдығы 24,5
тонна. Біз 8 айда орта есеппен ай сайын 47 тонна тұтындық. Қыркүйекте өз
зауыттарымыз 34 тонна шығарады. Бәрін қосқанда, 56 мың тонна болады. Және
Ресеймен де импорт бойынша келіссөздер жүріп жатыр.
Ал
бүгін СКАТ әуе компаниясы да рейстерін қазан айына дейін ұшыра алатынын
мәлімдеді. Компания жазбаша берген мәліметте мамыр-қыркүйек аралығында әуе отыны бағасы 35 пайызға қымбаттағанын да келтіреді. Бірақ соған қарамастан, "бағаны ұстап" келдік дейді. Ал бұған дейін "Эйр
Астана" компаниясы отын тапшылығынан қазан айында барлық рейстер тоқтауы
мүмкін деп мәлімдеген еді.