Русский Сайттың толық нұсқасы

Тамыз айында долларға сұраныс екі есе артты

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2017
  • 2448

Тамыз айында долларға сұраныс екі есе артты. АҚШ ақшасын сатып алушылар шілдемен салыстырғанда шамамен 60 пайызға өскен. Қазақстандықтар шетелдік валюталарға барлығы 313,6 миллиард теңге жұмсаған. Оның ішінде 93 пайызы доллар, қалғаны рубль мен еуро. Ал Ресей мен Еуроодақ валютасын сатып алушылар азайған.

Ұлттық банк доллар сұранысының артуына девальвация болады деген негізсіз болжамның да әсері болғанын айтады. Қазақстандықтар жыл басынан бері 1,4 триллион теңгеге шетел валютасын сатып алған. Оның 66 пайызы доллар. 24 пайызы рубль болса, 10 пайызы еуро. Бұл жылдағы соммадан артық емес. Германиядағы сайлаудың әсерінен үш күннен бері еуро бағамы 1,4 пайызға төмендеді. Қазақстанда да ол 6-7 теңгеге арзандаған.