Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасы Бауыржан Байбекті қабылдады

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2020
  • 2055

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Тұңғыш Президент елде алғаш рет қолға алынған праймеризді сапалы өткізудің маңыздылығына тоқталды. Бұл - Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысу үшін партияның белсенді, сауатты және патриот мүшелерін анықтауға мүмкіндік береді деді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партияға белсенді адамдар келсін деп отырмыз. Нағыз білікті, елге жаны ашитын, әр саладан мамандар, сөзін жеткізе алатын. Жалпы халықтың мүддесін білетін адамдарды жинау үшін барлығына сөз беріп отырмыз. Соның арқасында біз іріктейміз.

Бауыржан Байбек өз кезегінде праймеризге қатысу үшін партия қатарына 700-ге жуық қоғамдық пікір көшбасшылары кіргенін айтты. Сондай-ақ партияның сайлау алды бағдарламасы мен «Birgemiz» қорының жұмысы жайлы хабардар етті.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір жыл басынан бері 270 мыңнан астам арыз партияға түсті. Онлайн арыздардың саны 5 есеге өсті. Біз соның 60 пайызын шешіп жатырмыз, ал 30 пайызы әртүрлі сұрақтар. Біз барлығына жауап беріп, шешіп жатырмыз.

Сондай-ақ бүгін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы 24-ші тамызға белгіленді.  Қаулыға Елбасы қол қойды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің твиттердегі парақшасына жазды.

Ә. Өмірзақ