Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда көмір бағасы бақылауға алынды

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2017
  • 4297

Қарағандыда көмір бағасы бақылауға алынды. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов орынбасарларына қара отын бағасын егжей-тегжейлі анықтауды тапсырды. Себебі  аймақ тұрғындарынан көмір бағасының қымбаттығы туралы шағымдар көп түскен. Қарапайым тұтынушылар қара суық түсісімен алыпсатарлардың бағаны ойларына келгенше шарықтатып жібергенін айтқан.

Күн суытысымен, көмір саудасын қыздыра түсетін алыпсатарлар тілшілермен сұқбаттасудан бастарын ала қашты. Дегенмен, бағасын жасырмайды. Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының дерегінше, өңірде 8 ірі көмір өндіруші кәсіпорын бар. Оларда қара отын бағасының бір тоннасы былтырғы жылмен салыстырғанда 8-9 пайызға ғана қымбаттаған.

Ең қолжетімділері - «Шұбаркөл көмір» АҚ-ында 4400 теңгеден, «Молодежный» разрезінде 3000 теңге, «Гефестте» 8000 теңге, «Кузнецкийде» 5000 теңгеге сатылып жатыр. Биыл аймақта жалпы көмір өндірісінің көлемі 15 пайызға артқандықтан, оған тапшылық жоқ. Алайда, алыпсатарлар жанар-жағармай мен техниканың қымбаттығын сылтауратып, көмірді тұтынушыларға 2-3 есеге дейін қымбаттатып сатып отыр,- дейді мамандар. Сауалнама нәтижесінде қымбатшылық, әсіресе, Қаражал, Сәтпаев, Приозерск кенттері мен Ұлытау аудандарында көп тіркелген.

Ғазиз Төлеуов, Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім жетекшісі:

Шұбаркөл көмірінің бағасы ең соңғы тұтынушыға 10-15 мыңға дейін барып тұр. Орналасуына байланысты. Өндірушілердің қойған бағасы 4400 теңге. Жаңағы көмір өндірушілерден алып сататын адамдарды анықтап, солармен жұмыс жүргізіп жатырмыз, бағасын төмендету ретінде заңға қайшы келмейтін жолдармен.