Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде психдиспансерде есепте тұрған 320 адам көлік тізгендеп келген

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2020
  • 4388

Ақтөбеде психика мен жүйке ауруларымен есепте тұрған 320 науқас көлік жүргізіп жүр. Мұны прокуратура анықтаған. Оларға жүргізу құқығын, яғни куәлікті кім берді? Полиция бұған не дейді? Психикалық диспансердегілер де аң-таң. Тараптарды тындаған тілшіміздің репортажы.
 
Тамыз айының басында жол полицейлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні тоқтатқан. Бөлімшеде ол  өзін-өзі ұстай алмай, оғаш қылықтар көрсетіп, полицейлерді шошытқан. Анықтай келе көлік тізгіндеген жігіттің облыстық психикалық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болады. Осыдан кейін тексеріс басталып, ақыл-есі дұрыс емес үш жүзден астам науқастың жүргізуші куәлігін иеленгені жария болды.

Есет ӘЗІМОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:

Біз анықтадық оны негізінде психикалық есепте тұрған адамдардың тізімін алдықта оны права алғандармен салыстырда, уақытымен салыстырғанда куәлік алған 320 адам психикалық есепті тұрған тұлға бар екендігі анықталды.

Облыстық психикалық диспансерде мұны түсіне алар емес. Дәрігерлер бұл науқастарға көлік тізгіндеуге мүлде болмайтынын айтып дабыл қақты. Олардың мәліметінше 2017 жылға дейін ортақ электронды есепке алу болмаған. Мұндай заңсыздықтар сол кезеңге дейін орын алған болар деп жорамалдайды.

Есенаман НЫСАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көбісі 2010 жылы алған жүргізу куәліктерін көбісі тоқсан пайыздайы осы ауруға шалдыққаннан бұрын алғандар куәлікті. Саны көп он адам түсінемін он адам, бес адам үш жүз адам  қалай? Қате қай  жерден шығып тұрғанын.

Жалпы аймақта, аймақта сегіз мыңнан астам адам психикалық диспансерде есепте тұр. Олардың 320-сы көлік басқару куәлігін алып үлгерген.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:
 
Дегенмен қазір заңсыз куәліктердің барлығын кері қайтару үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Прокуратура оларды көлік басқару құқынан айыру туралы сотқа талап арыз түсірген. Полиция департаменті де өз тексерісін бастапты. Бірақ олар бұл заңсыздыққа қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Б. Рақметова