Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында өз отбасына азғындық жасаған ер адамға сот үкім шығарды

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2020
  • 3715

Түркістан облысында педофил 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Сорақасы сотталушы кәмілет жасына толмаған туған  қызына азғындық жасаған. Мұны жария еткен соң, әйелінде зорлапты. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады. Жаға ұстатарлық жайт аймақта былтыр күзде болған. Әйелі күйеуінің, азғындығын біліп, аудандық полиция бөліміне арызданыпты. Құзырлы мамандар Қылмыстық кодекстің 121-бабы, яғни "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Күдікті жасаған қылмысын мойындап, қамауға алынды. Алайда келесі күні арызданушы жиі ішімдік ішкен күйеуін жазаламақ болғанын айтып, райынан қайтқанын хабарлаған. Дегнмен мамандар қылмыстың болғанын дәлелдеп, іс сотқа жетті.

Нұрмахан ЖАЛҒАСОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Әрине, тергеу барысында біз аймақтың менталитетін, туыстарының ықпалын ескердік. Соған қарамастан сотқа дейінгі тергеуді жалғастыра бердік. Бізге дәлелдерді әрбір бөлшектерден жинауға, сараптама тағайындауға және кәсіби мамандарды да тартуға тура келді. Бұл үшін бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, облыстағы Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер шын мәнінде орын алғанын растады.


Т. Оспанбаева