Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" партиясының праймеризіне 1000-нан астам үміткер өтініш берді

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2020
  • 2485

"Nur Otan" партиясының праймеризіне бірінші күні бір мыңнан аса адам тіркеліпті. Оның дені әйелдер, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жас саясаткерлер.  Өңірлер бойынша Қостанай облысындағы нұротандықтар белсенді екен. Мұнда, 226 кандидат тіркелген. Екінші орында Ақмола облысы болса, Павлодардан 100-ге тарта кандидат өтініш білдіріпті. Солардың бірі Жәмила Ерназарова. 25 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер-келіншек «Nur Otan»  партиясы праймеризіне бүгін қосылды. Мақсаты  -  қоғамда отбасы институтын арттыру.

Жәмила ЕРНАЗАРОВА, КӘСІПКЕР, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Отбасылық құндылықтарды сақтау басты мақсатым. Баланы жалғыз жеткізіп отырған аналарға көмектесіп, әлеуметтік мәселелерін шешу керек. Осыған мен де өз үлесімді қоссам деймін. Ол үшін, әйелдерге қолдау көрсететін қоғамдық қабылдау ашқым келеді.

"Nur Otan" партиясының праймеризі тамыздың 17-сі басталған. Партияның ішкі сайлауына кандидаттарды тіркеу бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдегі үміткерлерді енгізу. Тағы бір көздегені. Қоғам сенімі мен қолдауына ие белсенділерді анықтап, беделді партия көшбасшыларын анықтау.

Айгүл МӘЛІКОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ешқандай шектеулер жоқ. Әр адам бүгін праймеризге келем, бірақ, партия мүшесі болмаса да, бүгін партияға келіп, партия мүшесі болып, праймеризге қатыса алады.


Ө. Қуанар