Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте дезинсекция салдарынан үш бала көз жұмды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2020
  • 2795

Шымкентте дезинсекция салдарынан үш бала уланып өлді. Көп қабатты тұрғын үйлерде жүрген залаласыздандыру жұмыстарын мамандар талапқа сай жүргізбепті. Нәтижесінде пәтерде қалған үш нәресте уланып қалды. Ақпан айында болған қайғылы оқиға осы уақытта сотта қаралып жатыр. Қылмысы дәлелденіп жатса дезинсектор 5 жылдан 10 жыдға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Үш бірдей бүлдіршіннің өліміне кінәлі деп айыпталған дезинсекция маманының ісі Еңбекші аудандық сотында қаралып жатыр. 42 жастағы азаматтың соты бүгін жартылай онлайн режимінде өтті. Алайда түсіру тобы процеске қатыстырылған жоқ.

Сотқа баспасөздің қатысуына екі тарапта қарсылық білдіріпті. Негізі бұл іс шыжғырған шілде айында басталған. Бүгінгі үшінші отырыс.

Қайрат ІЗБАСАРОВ, ШЫМКЕНТ қ. ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


Қазіргі таңда іс істің қаралу сатысы сот тергеу барысында. Іс бойынша біршама куәлардан жауап алынды. Қалған куәлардан алдыңғы сот отырысында жауап алатын болады.

Келтірілген деректерге қарағанда 42 жасар маманның екі фактіге қатысы болуы мүмкін. Ақпан айында жүрген тарақанды улау жұмысы кезінде көрші пәтердегі сегіз айлық нәресте көз жұмыпты. Тағы бес адам ауруханаға түскен. Тағы бір жағдай қараша айында тіркелді. Құрт-қоңызды улау кезінде бір отбасынан екі бала қайтыс болған. Осыдан кейін полиция үш сәбидің өліміне белгісіз химикат себепші деп күдіктенді.

Қайрат ІЗБАСАРОВ, ШЫМКЕНТ қ. ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстық іс бойынша екі фактіге яғни екі жерге зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені үшін айыпталып отыр. Арнайы рұқсаты болмай, осы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген.

Сот барысында сегіз куәнің төртеу тыңдалған. Қалғандары келесі процесстерде көрген-білгенін айтуы тиіс. Айыбы дәлелденіп жатса дезинсекция жүргізген маман 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А. Төребекқызы